Белгілі хафиз Мишари Рашидтен Құран жаттаушыларға арналған 20-кеңес.
Белгілі хафиз Мишари Рашидтен Құран жаттаушыларға арналған 20-кеңес.

1. Құранды Алла разылығы үшін жаттаңыз.

Жақсы амалдар жасауда Алла разылығы үшін емес, мақтану немесе басқалардан қалыспау мақсатында жаттап жатқан мұсылман бауырлар арасынан осы қателіктерді кездестіріп жатамыз. Автор осы мәселені бірінші пункт ретінде қарастыруы жай емес. Имамдардың көпшілігі оның ішінде Бухари мен Муслим өздерінің атақты хадис жинақтарын ниет жайлы хадистерден бастаған. Құран жаттаушы және жатқа білушілердің дәрежесіне, және Құран жаттаудың қаншалықты пайдалы екенін білу арқылы осы жаман ниеттерден арылуға болады. Бұл жайлы хадисте: „Сендердің жақсыларың Құран үйреніп, және оны басқаларға үйреткендерің".

2. Нақты мақсат қою.

Мысалы: „Мен бауырларыммен тәжуид үйреніп, Құранның бір парасын жаттаймын және бұл істі тиянақты істеймін. Себебі: Алла тиянақты істелген амалдарды жақсы көреді.

3. Дәрістерді жібермеу, өткен тақырыптардан қалыспау үшін өз мүмкіндігіңізбен уақытыңызды жоспарлаңыз.

Бұл жерде автор бір нәрсені қалап қана қоймай, оған сай амал жасау керектігін айтады.

Мысалы: дүйсенбі күні қолым бос емес, сейсенбі күні біраз бос уақытым болады. Құранан өткен материалдарды қайталап, ары қарай жалғастырып жаттай аламын". Егер сізде күнделікті жоспарыңыз болса, оған көңіл бөлсеңіз онда бұдан нәтиже шығара аласыз Ин ша Алла.

4. Өзіңізге қолайлы уақыт пен ыңғайлы жер таңдау.

Мысалы: „Сейсенбі күні „Ықылас" сүресін жаттауым керек бірақ ол күні үйге жиендерім келіп еркелеп, ойнап маған кейдергі келтіруі мүмкін, сол себептен маған ыңғайлы жер - мешітке барып тыныш жерде ниетімді жүзеге асыра аламын.

5. Белгілі бір Құран алып, әрдайым сол кітаптан жаттау.

Бұл жерде автор — адамның көру және есту қабілеті болады. Жаттауда жақсы нәтиже көрсету үшін белгілі бір Құраннан жаттаған дұрыс, осы Құранда жазылған шрифтке үйреніп, басқа шрифтпен жазылған Құраннан көңіліңіз ауытқымау мақсатында айтып отыр.

6. Бірінші кездесетін қиыншылықтардан қорықпаңыз(мысалы, махражбен немесе есте сақтау қабілетімен байланысты қиыншылықтар).

Құран бастаушылар осы қиындықпен барлығы дерлік кездеседі. Бұл спортпен шұғылдану секілді. Егер бірінші күннен бастап денеңіз ауырса, бұл спортпен шұғылданудан бас тарту деген сөз емес.

Бұл жағдай мұсылмандар арасынан кездесетін мәселе. Бір істі бастар алдында шайтан азғыруына салынып көп сылтау табуы мүмкін. Кейбіреуі мен мектепті бұрын бітіргенмін, білім алу мен үшін емес, ал басқасы мен мектепті нашар оқығанмын, қазірде қолымнан келмейді деп айтуы мүмкін. Егер сондай ойлар келсе, жаман ойлардан Аллаһқа сиыныңыз.

7. Егер Құранды өз бетіңізбен жаттасаңыз, онда жақсы білетін шейхтан жаттағаныңызды тексертіңіз.

Жаттағанымды шейхтан тексертіп, осы кеңестің дұрыстығына көз жеткіздім. Мен бұл қысқа сүрені бұрын бүге шегесіне дейін жаттап үйренген болатынмын, ұстазға тексерткенімде кейбір жерлерде қате барын түсіндім. Сондықтан кысқа сүрелерді қалдырмастан тексертіп алған жөн. Оны дисктан тындау арқылы да түзетуге болады. Бастысы анық естілуі керек.

Автордың айтуынша біз Құран жаттау жолына түскен кезде әдемі оқумен ғана әуестенбей, Құран қағидаларын қадағалап, көп көңіл бөлуді талап етеді.

Мысал ретінде, кейбір бауырлар табиғатынан дауысы болып кейін әсем оқумен әуестеніп, тәжуид ережелерінен ауытқып, әріптерді оқуда қателік жіберіп жатады.

Бұл жайында Зайд ибн Харистің „Құранды сізге үйреткендей оқыңыз" деген сөзі бар.

8. Құран жаттау барысында өзіңізге шағын ғана тәпсір пайдаланыңыз.

Кей сөздер, сөйлемдердің мағынасын түсіну үшін керек. Ал бұл жерде күрделі тәпсірден гөрі шағын мағынасымен берілген тәпсір пайдаланған жөн.

9. Егер маңайыңызда ешкімге кейдергі келтірмесеңіз, дауысты шығарып оқуға тырысыңыз. Бұл арқылы сіз бірден кем сезім мүшелерін іске қосасыз.

Аяттарды жаттау барысында алдымен бірінші аят, кейін келесі аят сосын екеуін бірге қосып жаттаңыз. Осылай жалғастыра беріңіз. Ойыңыз жинақты болу үшін дәреттте болу керек. Құранды байыппен жаттау үшін белгілі бір кейіпте отыруды талап етеді. Біұл отырыс ұстаздар алдында басқада дәрістерде әдетке айналдыру керек.

10. Жаттағандарыңызды туыстарыңызбен достарыңызға тексерту арқылы қате-кемшіліктер болса түзетіп, әрі өзіңізге сенімдірек болуға көмектеседі. Сонымен қатар өзіңіздің және жақындарыңызды арнайы Құранға уақыттарын бөлесіз. Әсіресе бұл істі ата-әжелеріміз жақсы көреді. Олар немерелерінің Алланның кітабына көңіл бөлгендеріне өз немерелерінен де екі есе қуана түседі.

11. Жаттаған сүрелерді қайталап тұру. Әсіресе намазда оқу пайдасы зор.

Өз біліміңізді тексерудің ең жақсы әдісі намаз кезінде тексеру болып табылады. Мусхафтан қарамай оқу мусхафтан қарап оқығанан әлде қайда өзгеше. Мысалы: бұрын тәжірибие аздықтан мен 10 сүре ғана білетінмін, соның жартысын намазда оқитынмын, бірніші жартысынан қарағанда екінші жартысын жақсырақ білдім, бірінші жартысын ара-кідік оқыдым. Сол үшін осындай жағдайдан алыс болыңыз. Қателік жасамас үшін ұқсас аяттарға да мән беріңіз.

12. Алла сіздің біліміңізді толықтырып, ілесе отырып жаттауды, есте сақтау қабілетіңізді арттырсын десеңіз күнә жасамауға тырысыңыз.

13. Білімді адамның қатысуымен өтетін Құран оқылатын орындардан қалыспаңыз.

Негізгі Құран оқылатын жерлерден бөлек Құран оқылатын және өз жаттаған материалдарыңызды бекітетін арнайы орындарды табуға тырысыңыз. Осындай салт араб елдерінде кең етек алған.

14.Сіз Құранның бір бөлігін немесе бөлігінің жартысын жаттаған кезде иджазасы (рұқсаты) бар ұстазға тексертіңіз.

Өз бетімен жаттаушы практикада көп қателіктерге бой алдыруы мүмкін. Сондықтан арнайы иджазасы бар ұстаздардан тексертіп алған дұрыс.

15. Есте сақтау қабілетіңіз тынық болып тұрған кезде жастық шағыңызды тиімді пайдаланыңыз. Егер сіз Құранды жасыңыз ұлғайған кезде бастасаңыз онда аса мұқияттылықпен жаттаған жөн.

16. Білім алушы өзі пайдаланып жатқан асына көңіл бөлуі керек.

Бұнда автордың айтқысы келгені Құран жаттаушы белгілі мөлшерде күші болатындай тамақ ішіуі керек, және ол мөлшерден көп пайдаланудан алшақ болуы керек. Мөлшерден көп ас пайдалану ұйқыға немесе басқада нәпсілерге жол тартуы мүмкін.

Автор „Семіздік зеректіліктен айырады" деген мақал келтіреді.

17. Жаттауды жоспарлаумен ғана емес жаттауға тікелей уақыт бөліңіз. Бір тәсілден екінші жаттау тәсіліне өтпеңіз.

18. Ең бірінші нәтижеге қол жеткізген кезде өз-өзіңізге таң қалмаңыз. Хадисте келгендей: „Үш нәрсе адамды құрдымға апарады" оның біріншісі өзін-өзі сүюшілік.

Мысалы: „Мен Құраннан 10 сүре жатқа білемін, ал менің інім болса араб әріптерінде білмейді. Мен жарадым"деу арқылы осы уақытта жаттаушы босаңсытып бастаған мақсатын жолда қалдыруы мүмкін.

19. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасағандай дұға ету:

«Аллахумма, инни а’уузу бика миналь ‘аджзи валь касаль» аудармасы - „Аллаһым саған әлсіздіктен және жалқаулықтан сиынамын" деп дұға ету.

20. Алла бұл іліміңізді арттырсын деп дұға етеіңіз.

Бұл үшін әр түрлі дұғалар бар. Мысалы „Рабби, зидни 'ильман". Аудармасы - „Аллаһым білімімді арттыр" деп дұға етсеңіз болады.

Бұл белгілі хафиз Мишари Рашидтан Құран жаттаушыларға арналған кеңестер болды. Кеңестер пайдаңызға тиіп, жаттауымызды белгілі хафизға ұқсауға нәсіп етсін.

 Ақпарат: minbar.kz 

Алмагул АманАлмагул Аман
8 лет назад 7152
1 комментарий
О блоге